«Күлтөбе қалашығы» туристер үшін ашылмақ

25
24.04.2024

Биыл терең тарихтан сыр шертетеін көне шаһар орыны – «Күлтөбе қалашығы» туристер үшін ашылмақ. Қалашық Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 350 метр қашықтықта жатыр. Ашық аспан астындағы тарихи жәдігердегі жұмыстармен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов танысты. Жоба авторлары қала орыны итальяндық Помпей немесе түріктердің Топкапасынан кем түспейді дейді. Қалашықтың күмбез шатырлары толық орнатылған. Ал, қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.