Дархан Сатыбалды іс-сапармен Шардара ауданына барды

27
19.04.2024

Еліміздің түкпір-түкпірінде өңір басшыларының халықпен кездесулері басталды. Осы ретте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданы тұрғындарымен кездесті. Өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларға тоқталды.Шардара ауданының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталған өңір басшысы 2023 жылы өсім байқалғанын атап өтті.