Мемлекет басшысы әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған заңдарға қол қойды

21
15.04.2024

Мемлекет басшысы әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған заңдарға қол қойды. Құжат қоғамның қызу талқысынан өтіп, оған түрлі түзетулер енгізілді. Нәтижесінде әйелдер мен балаларға жасалған кез келген зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдап, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді. Енді отбасындағы ұрып-соғу жағдайлары қылмыстық кодекспен қаралады.