Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия форумына қатысты

17
28.03.2024

Қытайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының пленарлық сессиясында құрметті қонақ ретінде сөз сөйледі. Биылғы басқосудың ұраны Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік. Ал басымдық жасыл технологияға беріліп отыр. Тіпті, жиын өтіп жатқан ғимараттар толықтай күн мен желден қуат алады. Қатысушылар да оған үлес қосып жатыр.