Футболшы матч кезінде ауыр жарақат алды

46
15.05.2023

Футболшы матч кезінде ауыр жарақат алып, жан сақтау бөліміне түсті.  Оқиға 14 мамыр күні "Қайрат" пен "Ақтөбе" футбол  командалары кездесуінде болған. Алматылық клубтың жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев допқа таласып жатқанда жарақат алған. Ойыншыға ота жасалды. Дәрігерлер спортшының жағдайы өте ауыр екендігін айтады. Ел біріншілігінің 9 туры аясындағы ойын 2:1 есебімен "Қайрат" клубының пайдасына шешілді.