Қазақ емханасы наурыз мерекесін атап өтті

119
21.03.2023

Шымкентте Қазақ емхнасы бір жылдан бері өнімді еңбек етіп келеді. Аталған емхана биыл әз наурызды ерекше тойлатты. Толығырақ тілші бейнематериалында. Ем алыңыз, дем алыңыз деп ұрандатқан Қазақ емханасы Әз наурыз ерекше салтанатпен атап өтті. Бұл орталықтың басты ерекшілігі Шығыс медицинасымен дәстүрлі емдік әдістерді бір арна тоғыстыруында. Биік таулы аймақтарда сирек кездесетін емдік шөптердің қосындысымен арнайы тұнбасы арқылы келушілерге қызмет көрсетеді. Сондай-ақ ине салу арқылы да емдей алады. Аталған орталықтың негізін қалаушы Толқын Аханұлы сан өнерді бойына жиған талантты  жан. Дәрігер академиктігін былай қойған да ақын , домбырашы, компазиторлығы да бір төбе. Авторлық күйлері де әндері де бар.