Келес ауданындағы 7 мектепке газ қосылды

75
11.08.2022

Түркістан облысының Келес ауданындағы 7 мектептің жылыту қазандықтары газ жүйесіне ауысады. Олар: Уәлиханов, №32 жалпы орта мектебі, Жуантөбе, Байтұрсынұлы, Болашақ, Сырдария және Қонаев атындағы білім ошақтары. Бүгінге дейін 39 мектеп қатты отынмен, 23 мектеп газбен және 1 мектеп сұйық отынмен жылытылып келген болатын. Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев оқу ордаларының қысқы жылу маусымына дайындығын ширатуды назарда ұстайтынын жеткізді. Құрылысы жүріп жатқан мектептердің сапасы бақыланып, жергілікті тұрғындарды құрылыс жұмыстарына тартуға басымдық беріледі.