Жарнамасы жер жарған дәріні ішемін деп жансақтау бөліміне түсті

10
19.03.2026

Жарнамасы желіде желдей есіп жүрген дәріні ішіп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Псориаз ауруына шалдығып, дертіне дауа іздеген түркістандық Динара Қожаназарова дәрі саудасымен айналысатын интернет-дүкеннің жалған сөзіне алданып, ауруын одан әрі асқындырып алған. Маркетингтің шырмауына шатылып қалған ол, арнамызға көмек сұрап келген болатын. Әріптесім Шұғыла Ғалиқызы кейіпкеріміздің жанайқайын тыңдап көрді.  Анығын сюжеттен білейік.