Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары қыза түсті. Биыл өңірде 18 мың гектарға ерте пісетін көкөніс дақылдарын егу жоспарланған. Бүгінге дейін Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Шардара аудандарының шаруалары мың гектар алқапқа қырыққабат пен қызылша көшетін егіп үлгерген. Оның ішінде 410 гектарға қырыққабат, 590 гектарға қызылша көшеті отырғызылған.