Түркістандық жүргізушілердің басым бөлігі автокөліктердегі өрт қауіпсіздігіне мән бермейді. Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп, автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруге бағытталған рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында Түркістан қаласының тұрғындарына автокөліктегі өрттердің алдын алу жолдары түсіндіріліп, алғашқы өрт сөндіру құралдарының, арнайы жабдықтардың және газ қондырғыларының жарамдылығы тексерілді. Толығырақ – әріптесім Әбілқайыр Олжасұлының бейнематериалында.