«Қазақстан дәуірі» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторымен кездесу өтті

22
21.11.2025

Түркістанда беліглі журналист, қоғам қайраткері, «Қазақстан дәуірі» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Сәуле Мешітбайқызымен келелі кездесу өтті. Басқосуға түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, өңірдегі басқарма басшылары және аудан әкімінің орынбасарлары онлайн түрде қатысты. Жүздесуде ел ішіндегі идеологиялық жұмысты жаңа деңгейге шығару, оның болашақ бағыты турасында әңгіме өрбіді. Одан бөлек мерзімді баслымының осы бағыттағы стратегиялық миссиясы жайлы мағлұмат берілді. Ашық форматта өткен жиында басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары да жастар тәрбиесі, ұлттық болмысты сақтау, білім мен руханиятты дамытудың жолдары жайында пікірлерін жеткізді.