Жетісай ауданында болған қайғылы өрттен кейін тұрғын үй секторында рейдтер күшейтілмек. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді күшейту тапсырылды.Сонымен қатар, Мәдениет министрлігіне және өңір әкімдіктеріне бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстарын жандандыру міндеті жүктелді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың қатысуымен өткен Үкімет отырысында талқыланды. Ол орын алған жағдайдан тиісті қорытынды шығарып, мұндай оқиғалардың алдын алу үшін нақты ұсыныстар әзірлеуді міндеттеді. Бақылау Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жүктелді.