Түркістан облыстық прокуратурасының өкілдері Заң мен тәртіп қағидаты аясында жастармен кездесті

18
18.11.2025

Түркістан облыстық прокуратурасының өкілдері Заң мен тәртіп қағидаты аясында жастармен кездесуді жалғастыруда. Кезекті жиын Қожа Ахмет Ясауи атындағы  қазақ-түрік халықаралық университетінде өтті. Онда интернет-алаяқтық, дроппинг, буллинг, сталкинг тақырыптары сөз болды. Айта кетерлігі, мұндай жиын тек жоғары оқу орындарында ғана емес, аудан, қала тұрғындарымен де өтуде. Құқық қорғау өкілдерінің айтуынша, қоғамдағы қайшылықты мәселелерді жастарға ескерту басты міндет.