Түркістан Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті. Оған келген ата-аналар балаларының әскери өмірімен жақынырақ танысты. Жатын орындарын ас мәзірін өз көздерімен көрді. Шара барысында ата-аналардың барлық сұрағына генерал-майор Аян Есжанов жауап беріп, бөлімнің жұмысын жан-жақты таныстырды.