«ТӘЛІМГЕР» әлеуметтік реалити жобасының жабылу салтанаты өтті

6
04.11.2025

30 қазан күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет сарайында «Береке» қоғамдық бірлестігі және Түркістан қалалық «Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Жұмысшы мамандықтар» жылына арналған «Тәлімгер» әлеуметтік реалити жобасының жабылу салтанаты өтті.
Жобаның негізгі мақсаты — жастар арасында жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру және еңбек адамының қоғамдағы маңызын кеңінен насихаттау.
Салтанатты шара «Тәлімгер» қойылымымен ашылды. Сонымен қатар Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы сөз сөйлеп, жобаға белсенді қатысқан жастардың табандылығы мен ұмтылысын жоғары бағалады.
Жобаға жүзге жуық жас өтініш білдіріп, оның ішінен 30 үміткер финалға шықты. Әр бағыт бойынша 5 қатысушы өзара бақ сынасты. Сайыс нәтижесі бойынша былғары бұйымдарының шеберлері, электрик, аспаз, тігінші және киіз бұйымдары шеберлері, автомеханик бағыттарында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, оларға алғыс хат және 300 000 теңгеден жүлде мен сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар тәлімгерлер мен арнайы номинация иегерлері де марапатталды.
Жоба жеңімпаздары:
1.    Киіз бойынша қолөнер бағытында — Нақып Нұрида, «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің 2025 жылғы түлегі.
2.    Былғары бойынша қолөнер бағытында — Ислам Бекзат, Көпсалалы жоғарғы Қол өнер колледжінің студенті.
3.    Электрик бағытында — Есқабылов Досжан, Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінің студенті.
4.    Автомеханик бағытында — Маханбет Нартай, Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінің студенті.
5.    Аспаз бағытында — Елеусіз Іңкар, «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің студенті.
6.    Тігінші бағытында — Джумабек Нургелды, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті.
«Тәлімгер» — жастардың кәсіби дамуына бағытталған және еңбек мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізетін жоба.