Кәсіпкерлер наразылық білдірді

16
23.10.2025

Елордада кәсіпкерлер дабыл қақты. Олар мектеп асханаларындағы тамақтану бағасы мен сауда орындарындағы заңсыздықтарға қатысты өз уәждерін білдірді. Бизнес өкілдерінің айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап білім ошақтарында жаңартылған мәзір енгізілген. Алайда түскі ас құны — бұрынғы 714 теңге деңгейінде қалып отыр. Ал азық-түлік пен логистика бағасы айтарлықтай өскен. Кәсіпкерлер бұл жағдай өз ісін адал жүргізіп отырғандарға қиындық туғызып отырғанын айтады.