Бокстан облыс біріншілігі басталды

10
21.10.2025

Ордабасы ауданында бокстан қыздар арасында облыс біріншілігі басталды. Оған аймақтың барлық аудан-қалаларынан 15 команда, яғни 200-ге жуық бұрымды былғары қолғап шебері қатысып жатыр. Бәсекенің ашылу салтанатына даңқты боксшыларымыз  Нұржан Сманов, Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев  қатысты.  Олар спорт бәсекесінің маңыздылығына тоқталып,  спортшыларға сәттілік тіледі. Сайыс жеңімпаздары 24 қазан күні анықталады.