Түркістан облысы, Жетісай ауданында құрылыс қарқыны күшейді. Биыл тамыз айына дейін ауданда жалпы құны 7 миллиард теңгенің жобасы жүзеге асқан. Бұл — өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 миллиард теңгеге көп көрсеткіш. Қазір Жетісай қаласы маңында 80 гектар аумақ игеріліп, 5 қабатты 32 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, 400 орындық балабақша биыл қолданысқа беріледі деп күтілуде. Ал Қосқұдық елді мекенінде спорт алаңшасы аяқталуға жақын. Қызылқұм ауылында демалыс аллеясы салу жоспарда бар. Аудан әкімі Серік Мамытов жаңа нысандарды аралап, мердігерлерге құрылыс сапасына ерекше мән беруді тапсырды.