Жаңа оқу жылында жеке қауіпсіздік сабақтары қайта жүргізіледі

16
22.08.2025

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде, сондай-ақ балабақшаларда жеке қауіпсіздік сабақтары қайта жүргізіледі. Аптасына 10 минуттан өтетін бұл сабақтар балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретеді. Жас ерекшелігіне сай әзірленген бағдарлама балабақшадағы қарапайым ережелерден бастап, жоғары сыныптар мен колледждерде қаржылық сауаттылық пен интернет қауіпсіздігіне дейінгі тақырыптарды қамтиды. Оқу-ағарту министрлігі бұл бастама балалардың құқықтары мен өмірлік дағдыларын нығайтуға бағытталғанын айтады.