Telegram арқылы вейп сатып, 6 млрд теңге табыс тапқандар ұсталды

10
15.08.2025

Астанада вейптің заңсыз сауда желісі әшкереленді. Қаржылық мониторинг департаменті Telegram арқылы еліміздің барлық өңіріне өнім таратқан көтерме желіні тоқтатты. Бес қоймада жүргізілген тінту кезінде төрт жүз тоқсан мыңнан астам вейп тәркіленді. Оларды сатудан түсетін табыс алты миллиард теңгеден асуы мүмкін еді. Күдіктілер ірі сомаларды қолма-қол ақшаға айналдыру үшін бөгде адамдардың атына рәсімделген банк карталарын пайдаланған.