Үздік кітапханашылар анықталды

15
09.07.2025

Түркістанда «Үздік жұмысшы маман» облыстық байқауы өтті.  Шара «Кәсіподақ және жұмысшы мамандық» жобасы аясында кітапхана саласы бойынша ұйымдастырылған. Сайысқа аймақтың түкпір-түкпірінен 14 кітапханашы қатысып, 3 кезең бойынша өзара бақ сынасты. Айта кетейік, байқаудың мақсаты – аймақтағы кітапханалардың оқырманға заманға сай қызмет көрсетуіне ықпал ету, сала мамандарының кәсіби құзыреттілігі мен шеберлігін шыңдау.