Экспорт көлемін арттыру бағытында жобалар жүзеге асырылады

17
01.07.2025

Түркістан облысында импортты алмастырып, экспорттық әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстар қарқын алуда. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде жан-жақты талқыланды. Өңір басшысы жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларына ерекше назар аударып, отандық өндірісті дамытудың маңызын атап өтті.