«Turkistan» телеарнасы екінші рет «Тұмар» сыйлығын жеңіп алды

25
27.06.2025

Түркістан телеарнасының қоржынында тағы бір «Тұмар». Арнамыздың төл өнімі «Түркістан сақшылары» мультфильмі «Ең үздік балалар тележобасы» номинациясына ие болды. Жасанды интеллект арқылы жасалған қазақ тіліндегі тұңғыш анимациялық фильм республикалық арналардың бірнеше жобаларымен сайысқа түсті. Дегенмен, «Түркістан сақшылары» жобасының мерейі үстем болды. Биыл «Тұмар» жүлдесіне 11 номинация бойынша жетекші республикалық және өңірлік телеарналардан 300-ден астам өтінім келіп түскен. Қорытынды тізімге 44 жұмыс енді. Жеңімпаздарға отандық телевизия саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы табысталды.