Түркістанда "Туризмге қадам" гидтерге арналған танымдық курсы басталды

15
23.06.2025

 Түркістанда «Туризмге қадам» танымдық курсы басталды. Бұл болашақ гидтер мен экскурсоводтар даярлайтын қаладағы алғашқы тың бағдарлама. Жобаның мақсаты – өңірдегі кәсіби туризм мамандарын көбейту, әрі қызмет көрсету сапасын арттыру. Жалпы оқу уақыты 2 аптаға жалғасады. Осы аралықта қатысушылар теориялық және практикалық білім алады. Сондай ақ, шаһардың тарихи-мәдени орындарымен толық танысып, экскурсия жүргізу дағдыларын меңгереді. Соңында қорытынды тестілеуден жоғары ұпай жинап, үздік нәтиже көрсеткен білім алушыларға арнайы сертификат табысталады.