TikTok арқылы құмар ойындарын ұйымдастырғандар сотталды

29
12.06.2025

Алматыда TikTok арқылы құмар ойындарын ұйымдастырған екі азамат  сотталды. Қала бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті 2 тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін аяқтады. Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойындарын ұйымдастырғаны анықталған. Жәбірленушілер ойынға қатысу үшін банк қосымшалары арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына ақша аударып отырған. Жиналған заңсыз табыс көлемі 10 миллион теңгеден асады.