Түркістан облысында алып жүк көлігі аударылып, тасжолды жауып қалды. Оқиға Түлкібас ауданында, Тараз – Шымкент бағытындағы ақылы жолда болған. Шакман маркалы көліктің тежегіші істен шығып, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалыпты. Салдарынан екі бағыттағы жолды жауып, 220 метр қоршауға зақым келтірген. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. «ҚазАвтоЖол» бұл көліктің қозғалысына рұқсат бермеген. Себебі оның өлшемдері жол талаптарына сәйкес келмейді. Мамандар жүргізушілерді ірі жүк тасымалдау ережелерін сақтауға шақырады.