Биыл ауылшаруашылығы санағы өтеді

16
29.05.2025

Елімізде 1 тамыз бен 20 қазан аралығында мал санағы өтеді. Қолында санаулы малы бар азаматтар да, санақ нүкте гов нүкте кейзет сайтында сауалнамаға жауап беруге міндеттеледі. Ал мәлімет ұсынбағандардың қора-жайларын арнайы мамандар аралайтын болады. Санақ Түркістан облысының 310 мыңға жуық үй шаруашылықтарын және 90 мыңнан аса ауыл шаруашылығы өндірушілерін қамтымақ. Бұған дейін 1-30 маусым аралығында  респонденттердің тізімін нақтылау үшін үй шаруашылықтарын алдын ала аралау өткізіледі.