Конгресс хол кешені ұжымы Алматыға барып қайтты

28
20.05.2025

«Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің шығармашылық ұжымы Алматы қаласына гастрольдік сапармен барып қайтты.  Шығармашылық топ «Alqonyr» фольклорлық ансамблі, «Jana Lep» театрынан тұрады. Мақсат - екі өңір арасындағы мәдени байланысты нығайту. Театр Алматы жұртшылығына Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» комедиясын ұсынды. Қойылым көрермен көңілінен шығып, ерекше ықыласқа бөленді. Театрдың ендігі мақсаты - Түркістан облысындағы аудандарды аралау.