Түркістан облысында өзге ұлт өкілдері көптеп қоныстанған. Мәселен, Жетісай ауданында тәжіктерді жиі кездестіруге болады. Ауданға қарасты Сейфуллин ауылының өзінде үш мыңнан астам этнос өкілдері тұрады. Бүгінде олар несібесін жерден тауып, диқаншылықпен айналысып жүр. Шаруашылығын дөңгелетіп отырған жандар жайлы тілші материалында.