Алматыда үш қаржылық пирамида жойылды. Алаяқтар салымшыларды «трейлерлерді көру арқылы жоғары пайдаға кенелесіз» деген сылтаумен ұйымға инвестиция салуға көндірген. Аталған жоба 9 деңгейден тұрады. Пирамида ұйымдастырушылары әр салымшыдан кемі 225 мың теңге алып отырған. Сондай ақ, төлемдерді тек криптовалютамен қабылдаған. Тергеу барысында салымшылардан қаражат жинау және транзит жасау үшін қолданылған криптовалюталық әмияндар да анықталды.