Түркістанда алғаш офлайн форматта Factcheck тренингі өтті. Медианет халықаралық журналистік орталығының қолдауымен ұйымдастырылған курс үш күнге созылды. Оған Тараз, Түркістан, Шымкент, Қызылорда өңірлерінен ақпарат саласында қызмет етіп жүрген мамандар мен болашақ журналистер қатысты. Негізгі мақсаты – жалған ақпаратпен күресу арқылы, желіде тараған түрлі қауесеттерді барынша азайту. Және халықтың бойында жалған ақпаратқа қарсы иммунитетті күшейту.