"Ауыл аманаты" жобасы Қазығұрт ауданында жүзеге асуда

332
18.08.2022 03:59

Енді ауыл тұрғындары да жеңілдетілген несие алып, кәсіп аша алады. Бұл мүмкіндікті   «AMANAT» партиясы ұсынып отыр.  Үкіметпен бірлесе қолға алынған жоба «Ауыл аманаты» деп аталады. Бұл бастама мемлекет басшысының “Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы” негізінде жүзеге аспақ. Игі істі түсіндіру бойынша жетекші партия өкілдері өңірлерге барып түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.  

«Барлығы құлағдар болуы керек» деген негізде Аманат партиясының мүшелері арнайы мобилдік топ құрып,  Қазығұрт ауданындағы Тұрбат, Шарбұлақ  ауылының тұрғындарымен кездесті. Келер жылдан басталатын  «Ауыл аманаты» жобасын жұртшылыққа егжей-тегжейлі түсіндіріп, дәріс өткізді. Ақпараттық парақшаларды үлестірді. Жаңа бастаманың жаңа мүмкіндіктерін ашып айтып, халыққа жеңіл тілде жеткізуде  

ЖАНДОС АЗИМБАЙ -  «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ: «Бұл марафонымыздың мақсаты-келесі жылы басталатын бағдарламаны 
қазірден бастап халыққа ақпараттандырудамыз. Бағдарламаның өзгешеліктері, халыққа қандай тиімділігі бар түсіндіреміз. Бағдарлаамының атауы халықтың тұрмысын арттыру. Мақсатымыз да осы.Бұл жерде несие жағы бар,қаржылай қолдау жағы бар, қаржылай емес қолдаулар бар. Бұрын болмаған 2,5 пайыздық несиеге ауылды елді-мекендегі шағын шаруалар қол жеткізеді».

«Ауыл аманаты» бастамасы бойынша алдымен ауылдың кәсіптік ахуалы тексеріледі. Нәтижесінде бейімделген саласына қарай қолдау көрсетіледі. Мәселен елдімекен тұрғындары егіншілікке жақын болса сол бағыттағы бизнес жобалар қаржыландырылады. Бұл мемлекеттен бөлінетін ақшаның тиімді игерілуіне сеп болмақ. Тұрғындар бастама ауылдағы ағайынның ахуалын жақсартуға таптырмас мүмкіндік боларына сенімді. 

АЙБЕК МОЛДАСАПАРОВ -  АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: «Ауыл аманаты марафонына келіп  қатысып, түсіндіруі бойынша бұл арқылы ауылдық елді мекендерге береді. Қамтып жатқандардың ішінде жақсы бір дүниесі 18 жастан батап зейнет жасына дейінгі адамдарға берілуі.Максималды сумма 6-7 млн теңге деп жатыр. Оның ішінде жұмсақ кепілдік деген бар. Залогтарды берген кезде де бұрыңғыдай үлкен сумма сұрамайтыны. Бұрыңғы бизнестерді бастаған кезде кепілдікке тек қыштарды, басқа заттарды ала алатыныыз, мұндай басқаша. Көңіл қуантады».

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бірінші пилоттық жоба ретінде Жамбыл облысында жүзеге асырлыған. Нәтижесінде онда жұмыссыздық саны азайып, салық төлеушілер көбейген.