Кентау қаласында 18 баланы бауырына басқан ана тұрады. Түймекүл Ергешқызы жас кезінде бауырларын жетілдіремін деп жүріп, өзі тұрмыс құрмай қалған. Осыдан 24 жыл бұрын тұңғышын қолына алған ананың қазір, ең кенжесі 4 жаста. Алақаны аялы, кең жүректі жанмен тілшіміз тілдесіп қайтқан болатын.