Түркістан
EN

Құрылыс нысанында оқу-жаттығу жиыны өтті

19
27.11.2026

Түркістанда салынып жатқан әкімшілік нысанда өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. “INTEGRA” компаниясы ұйымдастырған шараға төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері, 2 арнайы техника және жедел жәрдем бригадасы қатысты. Сценарий бойынша құрылыс кешенінен өрт шығып, іште адамдар қалып қойған. Құтқарушылар жедел жетіп, ғимараттан екі жұмысшыны алып шықты. Оның бірі газға уланса, екіншісінің денесін күйік шалған. Дәрігерлер зардап шегушілерге оқиға орнында алғашқы көмек көрсетті.