«Мәдениеттер диалогы» халықаралық симпозиумы аясында «Құқық философиясы және заңдылық мәдениеті» дөңгелек үстелі өтті. Оған құқық қорғау органдарының өкілдері, заң саласының мамандары, профессор-ұстаздар мен студенттер қатысты. Сондай-ақ шетелдік мамандар да келді. Спикерлер еліміздегі «Заң және тәртіп» қағидасының іске асу барысына тоқталды. Бұдан бөлек қоғамда конституциялық мәдениетті қалыптастыру жайы сөз болды. Заң өкілдерінің айтуынша бүгінде елімізде заңға қайшы әрекет жасағандар жазадан оңайлықпен сытылып кете алмайды.