Түркістан
EN

Конституциялық сот төрағасы студенттермен кездесті

18
27.11.2026

ҚР Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова түркістандық студенттермен кездесті. Басқосу «Мәдениеттер диалогы – 2026» симпозиумы аясында ұйымдастырылды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы  қазақ-түрік халықаралық университетінде өткен кездесуде жастар қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, спикерлерге сауалдарын жолдады. Сондай-ақ өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Әңгіме барысында «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» қағидаттары кеңінен талқыланған. Айта кетейік, Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әбілқасымқызы да осы білім ордасының түлегі. Сондықтан жастармен кездесу ерекше мазмұнға ие болды.