Түркістан
EN

Мәслихат сайлауы: 334 орынға 1 165 кандидат тіркелді

20
27.11.2026

Елімізде 29 қараша күні мәслихат депутаттарының сайлауына қатысатын 86 мыңнан астам сайлау комиссиясының мүшесі арнайы оқытудан өтті. Нақтырақ айтсақ, 5 743 оқыту іс-шара ұйымдастарылып, оның аясында 101 мыңнан астам адам қамтылған. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов мәлімдеді. Оның айтуынша, сайлау комиссияларының мүшелері мен дауыс беру процесіне қатысушыларды оқыту жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілген. Сондай-ақ комиссия мүшелерінің білімін тексеру үшін кезең-кезеңімен қашықтан тестілеу ұйымдастырылып, қатысушылар тиісті сертификаттар алған.