Сенаторлар жаңа конституцияның ережелерін түсіндіру үшін өңірлерге барады

14
19.02.2026

Парламент Сенатының отырысында күн тәртібіне енгізілген заң жобалары қаралып, Конституциялық заң жобасы бойынша палаталардың бірлескен комиссиясының құрамы жаңартылды. Сондай-ақ сенаторлар Үкіметке бірқатар депутаттық сауал жолдады. Палата Спикері Мәулен Әшімбаев 19 ақпан мен 5 наурыз аралығында депутаттар өңірлерге барып, халықпен кездесетінін мәлімдеді. Кездесулер барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен реформалардың мазмұны түсіндіріледі.