Шымкентте түркі әлеміне ортақ ұлы тұлға – Әлішер Науаидың 585 жылдығына арналған «Науаи оқулары – 2026» халықаралық байқауы өтті. Осыдан 6 ғасыр бұрын шығармашылығын мойындатып, әлемге танылған түркі әдебиетінің көрнекті өкілі қазақ, өзбек және түркі әлемінің рухани тарихына мол үлес қосқан. Байқау ұлы ойшылды еске алып, шығармаларын дәріптеу мақсатында өткізілді.