«Кейбір адамдардың сотталуы қағаз жүзінде тіркелмеген де». «Мемлекеттік комиссияда тың ақпараттар өте көп». Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісіне байланысты арнайы құрылған мемлекеттік комиссия бүгін дөңгелек үстелде осылай деді. Жиында өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы зұлмат қасірет қозғалды. Репрессия құрбандарының ішінде дін өкілдерін зерттеуге құрылған арнайы топ бірқатар баяндамамен таныстырып, жаңа мәліметтерді ортаға салды.
КЕРІМ ШАМШӘДИН ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
Ақпараттардың көбісін сараптау керек. Кейбір ақпараттар елдің аузында ауызша әңгімелер. Кейбір адамдардың сотталуы қағаз жүзінде тіркелмей жүргізілген. Мемлекеттік комиссия ретінде тың ақпараттар өте көп. Сондықтан, кейбір ақпараттар жартылай шыққан. Кейбір адамдардың құжаттары әлі күнге дейін біз үшін құпия.
БАҚЫТЖАН САТИРШИНОВ ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
Шынайы реабилитация, шынайы ақтау процесі Кеңес одағы ыдыраған дәуірден басталады. Оның алдында қайта өрлеу дәуірін айтуымыз керек. Негізі, 1989 жылдан басталды. Ал 91-жылдары әрбір одақтас республикалар ақтауды мемлекеттік деңгейде жүргізді. Оның ішінде алдығы қатарда Қазақстан Республикасы болды. 1992 жылы республикалық комиссия құрылған.
Еске салайын, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселесі бойынша мемлекеттік комиссия құрылған еді. Бүгінде аталған іске жауапты өкілдерге нақты 4 міндет жүктелген. Аталған ұжым алдағы уақытта да бас қосып, маңызды мәселелерді қозғамақ.
️