Мемлекеттік күзет қызметінің «Сардар» жасағы жүлделі үшінші орын иеленді

128
09.02.2024 13:32

Халықаралық SWAT челленджіне қатысқан мемлекеттік күзет қызметінің «Сардар» жасағы жүлделі үшінші орын иеленді. Алғашқы екі орын Дубай полициясының қанжығасында. Арнайы жасақ әскерлері чемпионатына елімізден Бүркіт, Сұңқар, Сардар, Арыстан жасағының жауынгерлері қатысқан болатын. Атап өту керек сарбаздар сайысына жалпы 41 мемлекеттен келген 76 команда бақ сынады. Біздің сарбаздар бес күн бойы ерекше дәлдік, физикалық төзімділік және командалық рухымен мойындатты. Әсіресе, турнирдің төртінші күні аяғын кенеттен сындырып алған Сұңқарлық жауынгердің қайсарлығы жұртты таңқалдырды. Қазақ сарбаздарының өр рухы мен командаластардың демей жөнеліп, мәреге бірге жетуі, сайысқа көз тіккен талай жұрттың есінде қаларлық табанды әрекет.