Түркістан қаласының тарихы 3000 жылдан асады. Сауран ауданымен шекарада сол кезеңдегі ең үлкен қалалардың бірі болған. Осы турасында бірер жыл бұрын ғалымдар арасында қызу пікірталас болған. Енді, бұл ресми дәлелденген факт. Түркістандағы 5-і археологиялық саммитке қатысқан отандық және шетелдік ғалымдар енді алдағы жылдарда қола дәуіріндегі қалада қазба жұмыстарын жүргізеді.
Түркістан қаласының тарихы ең кемі 3000 жылдан асады. Бұл ресми дәлелденген факт. Жібек жолы өткен жолдың бойында әрі өзен жағасында сол кезеңдегі деңгейге шаққанда ірі қала болған. Оның үстіне, археолог ғалымдар өзен орнын да дәл тауып отырғандарына сенімді. Қазірдің өзінде бастапқы түсірілімдер жасалып, көне қаланың аумағы анықталып отыр. Ал ғалымдар қызығушылығын еселеткен фактор – кейбір археологтардың сенбеуі. Шетелдік емес отандық ғалымдар Түркістан қаласының тарихы соншалықты тереңі емес деп сенімсіздік танытқан екен.
БАУЫРЖАН БАЙТАНАЕВ - ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ - Қаланың территориясын зерттей келе қаланың солтүстік жағында қола ғасырының қонысын тауып отырмыз. Осы конгресске жиналған археологтар өзініің пікірін айтып отыр. менің ойымша 2-3 жылда бұл жерде көптеген археологиялық жұмыстар жүргізілуі керек.
Осы қаланы зерттеуге АҚШ-тағы Сент-Луис университетінің профессоры Майкл Фрачетти де келіп отыр. Ол өзінің бар зерттеулерін Қазақстан және Орталық Азияға арнаған екен. Әсіресе, ғалым қола дәуіріне маманданған. Түркі әлемінің орталығынан осындай ескерткіш табылады дегенге соңына дейін сене қойған жоқпын дейді ол.
МАЙКЛ ФРАЧЕТТИ - СЕНТ-ЛУИС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ - АУДАРМА: Бұл мекен мен үшін өте маңызды. Осы ескерткіш Қазақстан және Орталық Азиядағы бірегей қола дәуірінің мекені. Осыған көзім жетті. Мақсатым Америкадағы тарихи-археологиялық ғылыми қауымдастықтың назарын Қазақстанға, нақтырақ айтсақ, Түркістанға аудару. Себебі, осы өлкенің көшпелі мәдениеті АҚШ-та аз зерттелген. Сондықтан, бұл Америка үшін үлкен ғылыми жаңалық болары сөзсіз.
Ресей ұлттық ғылым академиясының профессоры Андрей Поляков болса, Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалардің ізі бүкіл Еуразия құрлығында қалды. Сондықтан, арғы аталарымыздың тарихын зерттеу үшін бірнеше елдің ғалымдары бірлесіп, бүкіл құрлықты оның ішінде екі дүние бөлігін зерттеу керек деген пікір айтты. Бұған негіз ретінде ресейлік антропологтардың жұмыстарын дәлел ретінде келтіруге болады екен.
АНДРЕЙ ПОЛЯКОВ - РФ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ - АУДАРМА: Мен үшін қола дәуірінің аяқталуы мен көшпелі кезеңнің басталуы әсіресе қызық. Себебі, көшпелі тайпалар Моңғолиядан Дунай өзенінің жағасына дейінгі алқаптарда емін еркін жүрді. Сол көшпелі салттың негізін Қазақстанды мекендеген тайпалар салды деп саналады. Әлбетте, әр елдің археолог, тарихшы ғалымдары бірлесе жұмыс істеу керек. Себебі, Қазақстандағы ескерткішті тауып, сол кездегі адамдардың оңтүстік Ресейдегі жүріп өткен жолдарын зерттемей қоюға болмайды ғой. Ол ғылыми қателік болу керек еді. Ол кезде әкімшілік шекара болмаған.
Бір қызығы, ғарышты игеру саласы секілді, археологияда да ресейлік және америкалық ғалымдар саяси ахуалға қарамастан иық тіресе жұмыс істей береді. Саясаткерлер келеді де, кетеді, ал тарих үшін олар түк емес деп Түркістанға келген ғалымдар өзара қалжыңдасып отыр. Археологиялық сенсацияның тағы бір қыры – көне шаһарда қола дәуіріндегі ірі Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілері сақталған екен.
️