Дихандар үшін егістікті жинап алу да, оны егу де үлкен күш. Ол үшін заманға сай техникаларыңыз сақадай сай болуы керек. Әйтпесе, ала жаздай істеген еңбегіңнің еш кеткені дей беріңіз. Бұрын Түркістандық дихандарға алқапқа дән себу үшін 1 аптадай уақыт кететін. Ол үшін тағы ағайын туысы бар, қосымша жұмыс күшін тартасың. Енді ол жағынан қам жемесе де болады. Келестік кәсіпкер техника ойлап тауыпты.
Кәсіпкер Ырысдәлет Таңірбергеновтің айтуынша, жаңа технологияның балама түрі жоқ. Ол шаруаға өте қолайлы екен. Біріншіден уақытты үнемдейді. Әрі адам күшін де көп қажет етпейді. Қазірдің өзінде техникаға деген сұраныс артыпты.
Ал, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылындағы мына қожалық көшет дайындаумен айналысады. Кәсіп иесінің айтуынша, мұндай өндіріс орны облыс былай тұрсын, елімізде алғаш рет ашылыпты.Бұл жерде жылына 12 млн. түп көшет өсіріледі. Оны егу, өсіру, күтіп-баптау, суғару жұмыстары толық автоматтандырылған.
Көшет өзімізден шыққанмен оны еккен соң күтіп баптауда бір мәселе. Сарыағашта жылыжай көп. Бірақ, 2 га-дан көп алқапқа мемлекетке қолдау бар. Ал, жер көлемі одан төмендер біз тоқалдан туылдықпа дегендей сыңай танытып отыр. Ауыл шаруашылығынан алыс емеспін деген облыс әкімі бұдан басқа да артық талаптар бар. Сондықтан бірқатар ұсыныстарды жинақтап орталыққа жеткізуге уәде етті.
Ағын су дұрыс уақытылы жетпесе, алда жаздай еткен еңбек, төккен тердің бос кеткені. Сарыағашта 200 мың алқаптың тек 20 мыңы ғана суарлмалы. Оның өзінде каналдардан су ағып егістік басына жетем дегенше 50 пайызы жерге сіңіп, жоқ боп кетеді екен.
Шаруалар суға қолы жетпей жатқанда заңсыз жер пайдаланушылар жығылған үстіне жұдырық болып отыр. Өйткені соның кесірінен су деңгейі жылдағыдан әлдеқайда төмендеп кеткен.
️