Кентауда егін мен бау-бақшадан бөлек мал шаруашылығы да заман талабына сай дамуда. Сонымен қатар, мал тұқымын асылдандыру арқылы етке деген сұранысты қамтамасыз етуге болады. Сондықтан шаруа қожалықтарының басым бөлігі осы бағытты қолға алған. Соның бірі – Қарнақ ауылдық округінде орналасқан Сұлтанбек Тоқтамұраттың шаруақожалығы.
Қарнақтық Сұлтанбек Тоқтамұраттың қорасында мына 9 сиырдың тұрғанына 3 ай болыпты. Алғашқыда үй жануары 100-келі тартқан. Қазірде 3 мезгіл жем шөбін беріп, әбден бағуда. Содан әжептеуір ет байлапты. Енді тағы 3 ай тұрса 220 келі соғым береді дейді шаруа. Қыстың қамын жазда ойла демекші, кәсіпкер төрт түліктің азығын да молынан жинапты. Өйткені былтырғы қуаңшылықтың кесірінен жем шөптті қымбатқа алуы биыл сабақ болған.
CҰЛТАНБЕК ТОҚТАМҰРАТОВ - ШАРУА - «140 мың теңгеге жемін жейді. Әрқайсы 1 тонна жейді ғой. килосы 105 теңгеден жем әкеп түсірдім. Түркістаннан күнжара, сабан, пресс алам. Шөп өзіізден».
Шаруа алғашқыда 3 сиырдан бастаған. Кейін оның саны 25-ке дейін жеткізген. Қазірде Оның көбін сойып, етін Түркістан, Кентау қалаларына өткізген. Әсіресе, күзде етке деген сұраныстың артатынын айтады. Алдағы уақытта қора салып, мал басын 40-қа дейін арттыруды көздеп отыр екен. Мемлекеттен бір тиын алмай, үкіметке алақан жаймай, кәсіпкер мұның барлығына өз күшін сарп еткен.
CҰЛТАНБЕК ТОҚТАМҰРАТОВ - ШАРУА - Биыл 350 теңгеден сабан шөп алдық. Былтыр 1000 теңгеден алғанмын. Айырмашылық үлкен.
3 рет жейді азан,обед,кеш деген сияқты.2рет шөп жейді.таза табиғи көк шөп жейді.осы жерде байлап ұстайды.
Сиыр бағып, оны сойып сату әжептеуір пайда әкеледі дейді ол. Қазір еттің нарықтағы бағасы 2400 теңге. Жем шөбі, басқасын қоспағанда таза қолда 100 мың теңге қалады. Ауылда осындай табысты кәсіпті дөңгелетіп отырған 10 мал бордақылау алаңы бар дейді мамандар.
ҚҰРБАНТАЙ ЕРМЕТОВ – ҚАРНАҚ АУЫЛ ОКРУГІ ӘКІМДІГІНІҢ БАС МАМАНЫ - 3-4 ҚОЖАЛЫҚ 300-340 БАС ӘКЕЛДІ. АЛДЫН ЖӘНЕ БИЫЛ БАСТАҒАНДА ДА БАР. ҚАЗІР ОЛАРДЫҢ МАЛДАРЫ АУА РАЙЫҒА БЕЙІМДЕЛІП,ҮЙРЕНІП КЕТТІ. ОЛАРҒА МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН МАЛ БАСЫНА
Облыста мал шаруашылығын асылдандыру бағыты бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Жеке қожалықтар селекциялық асылдандыруға ерекше ден қойып, жаңа мал тұқымдарын шығаруға күш салуда.
️