Өңірде азық-түлік қоры жеткілікті

151
11.08.2022 04:55

Бірінші өзгені емес, өзімізді жарылқауымыз керек. Ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы азық-түлік тапшылығына байланысты пікір білдірді. Айтуынша, облыс аумағында шығатын өнім өңір тұрғындарын қамтуға толық жеткілікті болуы тиіс. Сондықтан өзге облыстардан емес, алдымен өзіміз егіп, халықты қамту қажет деді.

Түркістан облысы мәслихатындағы  "Аманат" партиясы фракциясының кезекті мәжілісі тартысты өтті. Ортаға тасталған тақырып та өзекті - Азық-түлік тапшылығы, барының қымбаттығы. Жиын барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы Тұрғанбек Оспанов аграрлы өңірдің картопты Павлодардан сатып алып отырғанына ұялатынын жеткізді. Етек жеңді жинайтын кез келді дейді ол.  

ТҰРҒАНБЕК ОСПАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Қант гречка.сол түрі енді жетпейді. Басқа капустаны 20 есе шығарамыз. Бақшаны егемңз,басқаны егеміз. Әр аудан өзінің халқын аса маңызды азық түлікпен қамту керек. ұят енді. Оңтүстікте республикаға ақша беріп, қайта қайта павлодардан картоп сатып алып.өзімізде жеткілікті . жеріміз құнарлы. Пиязды солай кезеңмен егуге болады"

Елімізде қант бағасы тұрақтамай тұр.  Маусымдық кезеңде көкеніс бағасының өсуі де жығылған үстіне жұдырық болып отыр. Алайда, өнім жеткіліксіз, таусылып қалады - деп алаңдауға негіз жоқ. Тұрақтандыру қорында 3600 тн астам өнім бар. 

Әлеуметтік азық-түлік сатып алу үшін 1 млрд 466 млн теңге қаржы қаралды дейді тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева. Сондай-ақ ол бағаны тұрақты ұстау үшін Түркістанда 12 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Оған қоса, ірі сауда орындарында әлеуметтік сауда бұрыштары қарастырылған. Олар белгіленген межеден асырып сатпауы тиіс. Жоба бүгінде бүгінде жемісін бере бастапты. Алдағы уақытта  олардың саны көбейе түспек. 

ЛАУРА ЖАНАСБАЕВА  -     "ТҮРКІСТАН" ӘКК ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ  - Одан өзге облыс тұрғындары үшін апта сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен көтерме жеткізушілердің жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Жауапты сала мамандары Облыс бойынша «Үй жанындағы 1463 дүкенді аралапты. Нәтижесінде  38 бұзушылық анықталған. Қазір  ол жерлерде бағалар 10-15% дейін төмендеді-дейді басқарма басшысы. 

НҰРБАҚЫТ ИМАНҚҰЛОВ - ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «30 сауда нүктесінде азық-түлік тауарларын төмен бағамен сату үшін «әлеуметтік бұрыштар» ұйымдастырылды;облыс орталығында және аудандарда азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізетін мониторингтік топтар жұмыс істейді.бағаның негізсіз өсу фактілерінің жолын кесу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 15% - ға арттыруға жол бермеу үшін сауда желілерімен, өндірушілермен, «үй жанындағы дүкендермен» түсіндіру жұмыстары жүргізілуде». Мобильді топтармен сауда үстемесін болдырмау мақсатында облыстың аудандарында / қалаларында «Үй жанындағы дүкендер» бағасына тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Бұдан басқа, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жедел ден қою үшін Call-орталық іске қосылған. Оған жұрт азық-түлік бағалары мәселелері бойынша жүгіне алады.