WhatsApp арқылы заңсыз ақша тапқан. Қарағандыда қаржы пирамиданы ұйымдастырушы азаматтардан инвестиция тарту үшін әлеуметтік желіні пайдаланған. Олар қатысушыларды екі бағыттық қылмыстық схема бойынша алдап келген. Жаңадан келгендерді қызықтыру үшін салым сомасының 70%-ы көлемінде сыйақы төлеуге уәде беріп, 4 күннен 5 күнге дейінгі мерзімге азаматтардан инвестиция жинақтапты. Оларды «Cтандарт», «Vip» және «Premium» деген үш позицияға бөліп, 150 000 теңгеден 10 млн теңгеге дейінгі салымдар сомасында қаражатты қалтасына басқан. Ал қылмыскер іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыспаған екен. Салымдар мобильді банкинг арқылы қабылданды.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
- Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заң бұзған азаматша қаржылық пирамиданы құруына қатысты кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
️