Түркістандағы Назарбаев зияткерлік мектебі туризмді дамытуға арналған тың жобаны жүзеге асырмақ. Туған елге тағзым атауымен басталған зерттеу экспедиция рухани астанда алғаш рет ұйымдастырылуда. Жоба аясында жоғары сынып оқушылары өлкенің ерекшелігі мен қыр-сырын танып білуге мүмкіндік алады.
Жалпы экспедиция 5 күнге жоспарланған. Оқушылар бір апта ішінде тарихи, мәдени, өндірістік орындарын аралайды. Айта кетейік, бұл жоба республика көлемінде 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізілуде. Мектеп директорының айтуынша мұндай дүниелерді қолға алу туризмді дамытудан өзге, балалардың мамандық таңдауда көзқарасын жаңа бағытқа өзгертуге мол мүмкіндік бермек.
БАЛКАН ҚАСЫМОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Бұл жобаның мақсаты оқушыларымыз туған өлкесімен танысып шығу. Сонымен қатар, осы өлкенің толығымен мүмкіндіктерін қарап шығу. Мүмкіндіктерін қарап шығып, жоба аясында қалай зерттеуге болады. Тағы да осы өңірді қалай жетілдіруге болады сол бойынша ойланады. Негізгі мақсат жүректерінде елі туралы біліп, патриоттық сезімді ояту.
️