Малайзиямен инвестициялық келісімдер жасалмақ
Қазақстан мен Малайзия 500 миллион доллардан асатын инвестициялық келісімдерге келмек. Бұл туралы Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимнің елімізге жасаған ресми сапары барысында белгілі болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса қадірлі мейманды салтанатпен қарсы алып, тараптар сан саладағы байланысты арттыру жайын талқылады.