Еліміздегі жылу желілерінің тең жартысы тозған. Оның шамамен 7 мың шақырымы ауыстыруды қажет етеді. Әсіресе, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, Қарағанды облыстарындағы желілері әбден ескірген. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкімет отырысында мәлімдеді. Министрдің сөзінше, 2030 жылға дейін елдегі жылу желілерінің тозуын 43%-ға төмендету керек.
️