"Су тасқыны қаупі сақталып отыр" - Премьер-министр

175
14.05.2024 17:07

Елімізде су тасқынынан бүлінген үйлердің шығыны келесі аптада белгілі болмақ. Қазірге ақпаратқа сәйкес, елімізде 13 мыңға жуық үйді су басқан. Ал Ақтөбе облысында 2 елді мекен әлі көлік қатынасынсыз отыр. Олар азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Үш өңірде індеттен қырылған мал көмілген 10 жерді су басқан болатын. Қазір тиісті қызметтер жергілікті жерлерде жедел дезинфекциялық іс-шараларды жүргізіп жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бүгінгі Үкімет отырысында айтты.